Атырауда бір тәулікте 93 адамнан коронавирус анықталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында бір тәулікте коронавирус инфекциясына шалдыққандар саны 93 адамға көбейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Атырау қаласында қауіпті вирус жұқтырған 40 адам тіркелген. Ал, Теңіз кенішінде 41 жұмысшыдан, Махамбет ауданында – 5, Жылыойда – 2, Қызылқоғада – 2, Исатайда – 2, Индер ауданында 1 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған.

Оның ішінде 35 науқаста Covid-19-дың симптомды түрі байқалған.

«Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 92 адам емделіп шықты. Қазір 170 адам үй жағдайында емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда 8, модульдік стационарда 123, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 24 адам пациент оқшауланған. Теңіз кенішіндегі инфекциялық стационарда 309 адам ем қабылдап жатыр» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда 82 адам коронавирус жұқтырып, 81 науқас сауығып шыққан болатын.


Соңғы жаңалықтар