Атырауда бір тәулікте 65 адам коронавирус жұқтырды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында бір тәулікте 65 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, Атырау қаласында қауіпті вирусқа шалдыққан 32 адам тіркелген. Теңіз кенішінде 21 жұмысшы, Индер ауданында 1, Махамбет ауданында 1 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған.

«Covid-19 инфекциясы 21 науқаста симптомды түрде өтуде. Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 30 адам емделіп шықты. Қазір 240 адам үй жағдайында емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда 27, модульдік стационарда 85, ал аудандардағы стационарларда 18 адам ем қабылдап жатыр. Теңіз кенішіндегі инфекциялық стационарда 262 пациент оқшауланды» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Теңіз кенішіндегі 36 жұмысшыдан коронавирус анықталған болатын.


Соңғы жаңалықтар