Атырауда бір тәулікте 43 адам жарақат алған

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда қалың қар жауып, ауа райының қолайсыздығынан бір тәулікте 43 адам жарақат алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облыстық ауруханасының баспасөз қызметінің мәліметінше, дәрігерлерге өткен бір тәулікте 43 адам жүгінген. Оның төртеуі жол-көлік оқиғасынан жарақат алған.

«Қалғаны жолда құлағаннан жарақаттанған. Дәрігерлер 7 адамның жарақатына гипс салуға мәжбүр болды. Көшеде жарақат алғандардың бәрі – ересектер», - деп хабарлады аурухананың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда көктайғақтан 40 адам зардап шеккенін

хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар