Атырауда бір тәулікте 109 науқас коронавирустан сауығып шықты

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 109 науқас сауығып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, өткен тәулікте 38 адам қауіпті вирусты жұқтырған.

«Коронавирусқа Теңіз кенішінен 23 жұмысшы шалдықты. Науқастардың арасында Атырау қаласынан – 13, Жылыой ауданынан 2 адам бар. Сovid-19-дың симптомды түрі 8 науқастан анықталды. Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 109 адам емделіп шықты» деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Ал үй жағдайында 151 адам емделіп жатыр.

Облыстық инфекциялық стационарға - 69, аудандардағы стационарларда - 22, Теңіз кенішіндегі стационарда - 278 адам ем алу үшін оқшауланған.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында коронавирусқа шалдыққандар саны азайғанын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар