Атырауда бір тәулік бұрын жоғалған баланы іздеуге үш дрон қолданылуда
2020 жылғы 21 мамыр 14:52

Атырауда бір тәулік бұрын жоғалған баланы іздеуге үш дрон қолданылуда

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда бір тәулік бұрын жоғалған баланы іздеуге дрон қолданылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кеше Атьырау қаласындың «Жұлдыз» шағынауданындағы үйінен із-түзсіз жоғалған баланы іздеу әлі жалғасып жатыр.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін таңғы сағат 06:30-дан бері қала мен жақын маңдағы елді мекендердің 400-ге жуық тұрғыны мен еріктілері, Ұлттық ұланның 50 әскері, 20 техника мен 100-ден астам полиция қызметкері іздестіруді жүргізіп жатыр. Сондай-ақ, Төтенше жағдайлар департаментінен 16 қызметкер, 4 техника және 2 қызметтік ит тартылды. Олар шағынаудандағы 50-ден астам көшеніі жан-жақты тексеріп шықты.

Жоғалған балақайды іздеуге барысында 3 дронмен әуеден видеобақылау жүргізілуде.

Бұған дейін Атырауда 1,5 жасар сәби жоғалғанын, оны іздеуге 50 волонтер қосылғанын, оған 400 ерікті қосылғанын жазған едік.




Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT