Атырауда бір отбасының 6 адамы газдан уланып, біреуі көз жұмды

None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда бір отбасының 6 адамы газдан уланып, біреуі көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атырау қалалық төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары Магомед Ахриевтің айтуынша, бір отбасының алты адамы газдан уланып қалған.

Оның ішінде төрт бала бар. Отбасының үлкені – 90 жастағы кейуананы құтқару мүмкін болмады.

«Төтенше жағдайлар департаментінің кезекші қызметіне жедел медициналық жәрдем станциясынан қоңырау түсті. Дәрігерлер Атырау қаласындағы ауруханаға табиғи газбен уланған алты адам түскенін хабарлады. Үш бала мен бір жасөспірім облыстық балалар ауруханасына, екі ересек адам облыстық ауруханаға жеткізілді. Алайда, 90 жастағы әжені құтқару мүмкін болмады. Ол уланғаннан кейін көз жұмды. Зардап шегушілердің қалғаны медициналық көмек көрсетілгеннен кейін есін жиды. Қазір олардың жағдайы тұрақты», - деп мәлім етті Магомед Ахриев.

Оның айтуына қарағанда, уланудың басты себебі – газ қазандығының құбыры тот пен қоқыспен бітеліп қалған.

Соның салдарынан от сөніп, газ тарала бастаған.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау ауруханаларында бір күнде көз жұмған екі жүкті әйел өлімінің себебі айтылғанын хабарлаған болатынбыз.




Ашы қ к ө здерден алын ғ ан фото



Соңғы жаңалықтар