Атырауда бір күнде жол ережесі 561 рет бұзылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда бір күнде жол ережесі 561 рет бұзылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, 8-17 қараша аралығында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.

«Іс-шараны өткізудегі мақсат – жол-көлік оқиғаларын болдырмау, жолда жүру қағидаларын бұзудың алдын алу. Іс-шараның алғашқы күнінде​ жолда жүру ережесін бұзудың 561 деректері анықталды. Оның ішінде белгіленген жылдамдық мөлшерін аттырудың – 75, көлік құралын пайдалану кезінде ұялы телефонмен сөйлесудің – 43, қауіпсіздік белдігін пайдалану ережесін бұзудың – 128, алкогольдік масаң күйде көлік құралын басқарудың – 10, жаяу жүргіншіге жол бермеудің – 17, құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы – 26, маневр қағидасын бұзған – 40, жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларының талаптарын орындамауы – 58, бағдаршамның тыйым салатын сигналына немесе реттеушiнiң тыйым салатын қимылына қарамай өту – 7, мемлекеттiк немесе мiндеттi техникалық қарап-тексеруден өтпеген көлiк құралын басқару – 38, тиiстi рұқсатсыз қайта жабдықталған көлiк құралын басқару – 6, көлiк құралын басқару құқығынан айрылған жүргiзушiнiң көлiк құралын басқарудың 2 дерегі бар» -деп мәлім етті облыстық полиция бастығы, полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.

Оның айтуынша, жолда жүру ережесін бұзған жүргізушілерге хаттама толтырылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, 17 автокөлік арнайы тұраққа қойылды.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында 10 айда шетелдік тіркеудегі көлік апатынан 17 адам қаза болғанын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар