Атырауда бір күнде коронавирус инфекциясынан 9 адам қайтыс болды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – «Қызыл» аймақтағы Атырауда бір күнде коронавирус инфекциясынан 9 адам қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа қарағанда, кеше Жылыой ауданындағы Теңіз кен орнында 55 науқас тіркелген. Коронавирус инфекциясы 7 ауданда да таралып отыр. Мәселен, Исатайда – 32, Жылыойда – 25, Махамбетте – 13, Қызылқоғада – 12, Құрманғазыда – 9, Мақатта – 5, Индер ауданында 2 адамнан қауіпті вирустың белгісі табылған.

«Қазір 8 635 адам үй жағдайында емделіп жатыр. Ал, Теңіз кен орнындағы стационарда – 398, аудандардағы инфекциялық стационарларда – 339, №2 облыстық ауруханада – 180, модульдік ауруханада – 179, облыстық ауруханада – 142, кардиологиялық орталықта – 98, теміржол ауруханасында – 85, фтизиопульманология орталығында 62 науқас ем қабылдауда. Сондай-ақ, стационарға лайықталған жатақханада 85 пациент оқшауланған. Өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 9 адам қайтыс болды» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда бір күнде коронавирустан 8 адам қайтыс болғанын жазған едік.



Соңғы жаңалықтар