Атырауда бір күнде бірнеше мейрамхана карантин талабын бұзған

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда бір күнде бірнеше мейрамхана карантин талабын бұзған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 26 наурызда мобильдік топ мүшелері рейд кезінде Атырау қаласында бірнеше мейрамхананың карантин талабын бұзғанын анықтаған.

«Мәселен, түнгі сағат 22:00-ден кейін «Chechil Pub», «Vokzal», «Пинта» мейрамханаларында 50-ден астам адам болған. Еркінқала ауылындағы «Шәріп», Жұмыскер елді мекеніндегі «Атырау Холл» мейрамханаларында, сондай-ақ, Алмалы ауылындағы үйлердің бірінде той өтіп жатқаны анықталды» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Анықталған деректерге қатысты жинақталған іс-құжаттар Атырау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық басқармасына жолданды.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда үш күнде 20-ға жуық мекеме карантин талабын бұзғанын жазған жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар