Атырауда бір ауылдың төрт тұрғыны бірнеше күнге қамалды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысындағы Жанбай ауылының төрт тұрғыны төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін үш тәулікке қамалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жанбай ауылының төрт тұрғыны төтенше жағдайдың жариялануына байланысты мемлекеттiк орган белгiлеген талаптарды орындаған. Олар 2020 жылы 7 сәуірде түнгі сағат 22.30-тер шамасында Аққыстау ауылындағы Егемен Қазақстан көшесінің бойында топтасып жүрген. Кешкі сағат 21:00-ден кейін көлікпен себепсіз шыққан әрі төтенше жағдай режимін бұзған», - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

Осыған байланысты әкімшілік хаттама толтырылып, материал Исатай аудандық сотына жолданған. Сотта төтенше жағдай режимін бұзу фактісіне қатысты 4 әкімшілік іс қаралды. Құқық бұзушылар «TrueConf» қосымшасы арқылы сот отырысына қатысып, өздерінің кінәсын мойындады.

Сот қаулысымен құқық бұзушылар кінәлі деп танылып, олардың әрқайсысына 3 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды.



Соңғы жаңалықтар