Атырауда бір аптаның ішінде 18 мас жүргізуші ұсталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда бір аптаның ішінде 18 мас жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 25 тамыз бен 1 қыркүйек аралығындағы бір аптада патрульдік полиция қызметкерлері мас күйде көлік басқарған 18 жүргізушіні анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартқан.

«Мәселен, 29 тамызда сағат 01:40 шамасында Атырау қаласындағы А.Құнанбаев көшесінде «Toyota» маркалы автокөлігі тоқтатылған. Тексеру кезінде көліктің 47 жастағы жүргізушісінен ішімдіктің иісі байқалған. Медициналық сараптаманың корытындысымен жүргізушінің жеңіл дәрежедегі мас екені анықталды. Ал, 30 тамызда сағат 03:30 шамасында Бірлік кентіндегі Қорқыт ата көшесінде Ресей Федерациясында тіркелген «Ваз-21101» маркалы көлігін тізгінінде болған 37 жастағы жүргізушісінің орта дәрежедегі мас екені медициналық сараптама қорытындысымен дәлелденді», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Екі жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 1-бөлімімен (Жүргізу құқығы жоқ жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқарғаны үшін) әкімшілік хаттама толтырыған. Сот шешімінен екі жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда мас жүргізуші 20 күнге қамалғанын жазған болатынбыз.

Автор: Бек Мұстафа

Соңғы жаңалықтар