Атырауда бір аптада 9 жасөспірім жоғалып кеткен

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда бір аптада 9 жасөспірім жоғалып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 102 операторына жасөспірімдердің тұрғылықты мекен-жайынан хабар-ошарсыз кеткені туралы 9 шағым түскен.

«Полицияға хабар берген туыстарының айтуынша, жасөспірімдер белгісіз бағытқа шығып кеткеннен үйіне оралмаған. Мәселен, 1 қыркүйекте сағат 16:09 шамасында 33 жастағы

әйел «Тұрғын үй қалашығы» аялдамасы орналасқан көшеде 7 жасар қызын жоғалтып

алған. Полиция қызметкерлері аталған деректерге қатысты жоғалған жасөспірімдерді 2-3 сағатта тауып, ата-аналарына табыстады» - дейді облыстық полиция департаментінің

бастығы, полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда бір аптада хабар-ошарсыз кеткен 12 бала табылып, үйлеріне қайтарылғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар