Атырауда биіктігі 91 метрлік тутұғыр орнатылды

Фото: None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау қаласында биіктігі 91 метрлік тутұғыр орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Салтанатты рәсімге облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов қатысты.

«Бүгін міне, қаламызға әр беретін айшықты нысандар қатары айбынды тутұғыр алаңымен

толықты. Көк байрағымыз көкпен ұштасты. Өз дәуірінде даңқты бабаларымыз бөрілі

байрақ ұстап, бағаналы орда құрған. Сондықтан, ту біз үшін – қанымызда қайнаған намыс, рухты көтеретін құдірет. Атамекеніміздің төріне алып ту тігу – біз үшін асқан абырой, зор мәртебе. Қаламыздың көркін ашқан байрағымыз өңіріміздің айбынын асқақтата түсеріне сенемін»,- деді Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов.

Тутұғырдың биіктігі – 91 метр. Алып туды үнемі көрініп тұруы үшін қолмен немесе

электр жетегімен көтеретін көп қырлы болаттан жасалған дөңгелек конустық тірегі бар.

Ұзындығы 80 метрлік тутүғыр композициясы субұрқақ пен доға пішінді композициядан тұрады. Композицияның орта тұсында қоладан жасалған Қазақстан Республикасының картасы, жоғары жағында Елтаңба, ал шеткі бөліктерінде Әнұран

жазылған. Конус пішінді тутұғырға көлемі 29х14,5 метр болатын Ту ілінді. Енді еліміздің

мемлекеттік рәміздері орналасқан алаңда маңызды салтанатты шаралар өтетін болады.

«Компанияның мықтылық, молшылық пен бейбітшілік, сондай-ақ 2021 жылдың

жақсылығы көп болсын деп тілеймін. Осынау еңселі тутуғыр ұдайы биікте желбіреп

тұрсын»,- деді «Теңізшевройл» ЖШС бас директоры Имер Боннер.

Аталған тутұғыр құрылысы «Теңізшевройл» ЖШС демеушілігімен «Игілік» бағдарламасы

аясында жүзеге асқан.

«Ең алдымен сапаны бақылау шаралары күшейтілді. Жаңартылған тутұғырды шетелден келген бірнеше маман қайта тексеріп шықты. Сондай-ақ АҚШ инженерлері тұғырдың компьютерлік моделін жасап, өңірдің ауа-райына, атмосфера мен желдің жылдамдығына қатысты төзімділігін сынап көрді. Техникалық қызмет көрсетудің ең қауіпсіз нұсқауларын анықтады», - деді «Кастадор» ЖШС-нің жоба менеджері Эдвард Иль.

Тутұғыр айналасындағы 6500 шаршы метрге жасыл гүлзарлар, 8500 бұталы көшеттер, 44

қылқан жапырақты және 70 жапырақты көшет егіледі. Монументке іргелес аумақ раушан гүлімен безендіріледі. Жасыл желектерді суару үшін датчиктермен жабдықталған автоматтандырылған жүйе қолданылады. Бұл миллилитр дәлдігімен өсімдіктерге қажетті су мөлшерін анықтап, оны тікелей көшеттердің тамырына жеткізеді.


Соңғы жаңалықтар