Атырауда бес қабатты тұрғын үй өртеніп жатыр

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Бүгін Атырау қаласында бес қабатты тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Төтенше жағдай департаментінің мәліметіне сүйенсек, өрт Махамбет көшесіндегі №121 үйдің шатырын түгелге жуық жалын шарпыған. Өртті сөндіруге 8 өрт сөндіру техникасы мен жеке құрамның 30-дан астам қызметкері жұмылдырылуда.

Жолдасбек Көшербайұлы


Соңғы жаңалықтар