Атырауда базарлар мен сауда үйлері штаттық режимде жұмыс істейді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда базарлар мен сауда үйлері штаттық режимде жұмыс істейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұдан бұрын облыстың бас санитар дәрігері Мәдениет Танауовтың жаңа қаулысымен Атырауда бір сыныпта 25 оқушының сабаққа қатысуына рұқсат берілгенін хабарлаған едік.

«Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді, бетперде кию режимін, қатаң түрде әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, толтырылуын объект сыйымдылығының 30%-нан асырмай, 1 келушіге 4 шаршы метрден кем емес, ашық және жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың штаттық режимде жұмыс істеуіне рұқсат етілсін» -делінген құжатта.

Сондай-ақ, жаңа қаулыға сәйкес, дәл осындай талаппен сауда үйлері мен орталықтарының (павильондар, бутиктер), сауда желілерінің жұмыс істеуіне рұқсат беріліп отыр.

Жаңа қаулы 9 наурызда сағат 00:00-ден бастап заңды күшіне енеді.


Соңғы жаңалықтар