Атырауда бас дәрігер палаталардың бос тұрғанын жоққа шығарды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атыраудағы №2 облыстық ауруханасының бас дәрігері бос тұрған палаталар туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Инфекциялық стационардан шыққан жергілікті тұрғынның бірі Вадим Барташевич аурухана палаталарын басқа науқастарға дайындап жатқан процесін бейнекамераға түсіріп, әлеуметтік желіге салған.

«№2 облыстық ауруханада бос орындар бар. Адамдар ауруханаға жатып емделіп, арнайы аппарат арқылы дем алуды қажет етеді. Бірақ, бұл жерде оларға көмек көрсететін маман тапшы», - деген жазбасын қалдырған әлемутеттік желіге бірнеше бос палатаның бейнежазбасын жариялаған.

Осыған орай №2 облыстық аурухананың бас дәрігері Мағжан Сейітжановтың айтуынша, емделіп шыққан азамат жағдайы жақсарып, амбулаторлық емдеуге ауыстырылған емделушілердің палатасын ұялы телефонының камерасына түсіріп алған.

«Бұл жерде дезинфекциялық және тазалық жұмыстары жүргізіліп жатқан. Қазіргі таңда аталған 30 палатаға «коронавирус инфекция» диагнозы расталған облыстық ауруханадағы науқастар жатқызылуда. Аурухана штаттық режимде жұмыс істейді. Медициналық қызметкерлердің жетіспеушілігі байқалмайды», - дейді Мағжан Ситжанов.

Медициналық мекеме басшысы 16 пациенттің бүгін палатаға орналастырылып, ем қабылдап жатқанын растады.

«№2 облыстық аурухананың жұқпалы аурулар стационарында барлығы 162 адам емделуде», - деп атап өтті бас дәрігер Мағжан Сейітжанов.

Бас дәрігер жергілікті тұрғындардан әлеуметтік желілерде жалған ақпаратты таратпауды және өңірдегі тұрақсыз эпидемия кезінде жағдайды одан әрі ушықтырмауды сұрайды.

Еске сала кетелік, бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Атыраудағы инфекциялық стационарды онлайн аралаған еді.


Соңғы жаңалықтар