Атырауда барымташылар жылқыны қасапханаға тапсырмақ болған кезде ұсталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда 8 жылқыны союға жібермекші болған барымташылар қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Атырау облысында жедел шара кезінде жылқы ұрлағандар ұсталды. Күдіктілер Қызылқоға ауданы Қарабау ауылынан малды көлікке тиеп алып кеткен. Қызылқоға аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктілерді Индер ауданынан ұстады. Ұрланған 8 жылқының 3-еуін полицейлер мал сою орнынан тауып, тәркіледі. Бүгінде 3 жәбірленуші өздеріне келтірілген шығып мөлшерін 4 млн теңгеге бағалап отыр», деп хабарлады облыстық Полиция департаментінен.null

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар, тиісті құжаттарсыз мал тасымалдаған 19 тұлғаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 406-бабына сәйкес хаттама толтырылды.

Соңғы жаңалықтар