Атырауда балық қорына қол сұғушылардан 175 келі бекіре тәркіленді

Фото: None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында балық қорына заңсыз қол сұғушылардан 175 келі балық тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының бас маманы Рүстем Қорқытовтың мәліметінше, жыл басынан бері балық қорғау заңдылығын бұзушыларға 2 мыңнан астам хаттама толтырылған.

«Биылғы 9 айда су айдындарында құқық бұзғандарға қатысты 180 іске сот үкімі шықты. Жайық пен Қиғаш өзенінен заңсыз құрылған 4 мыңнан астам тор, 185 жүзу құралы табылды. Браконьерлерден бекіре тұқымдас 175 келі балық тәркіленді» -дейді Рүстем Қорқытов.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысының тұрғынынан жарты тоннадан астам бекіре тәркіленгенін жазған едік.


Соңғы жаңалықтар