Атырауда балық қорғау заңнамасын бұзғандарға 20 млн теңгеден астам айыппұл салынды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Биыл Атырау облысында балық қорғау заңнамасын бұзғандарға 20 млн теңгеден астам айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Облыстық балық шаруашылығы басқармасының басшысы Артур Сәдібекұлының айтуынша, балық ресурстарын қорғау мақсатында полиция мен шекара қызметінің күшімен браконьерлікпен күреске баса мән берілген.
«Биыл браконьерлікке қарсы пәрменді жұмыстардың нәтижесінде балық қорғау заңнамасын бұзған 1 886 дерек анықталды. Оның ішінде 1 050 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 5 қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ, балық қорғау заңнамасын бұзушыларға 20 миллион 724 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасуда», - деді Артур Сәдібекұлы.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау тұрғыны 625 келі бекіремен ұсталғанын хабарлаған едік.
- Атырауда тұрғын үйде газ жарылып, 3 адам ауруханаға түсті
- Махамбет Досмұхамбетов «Теңізшевройлдың» жаңа директорын қабылдады
- Атырауда І топтағы мүгедек дипломын 13 жылдан соң алды
- Атырау облысында жол апатынан екі адам мерт болды
-
Атырау облысында сыбайлас жемқорлық деңгейі төмендеді
-
Министрлік пен «Қоғамдық бақылау және мониторинг» ұйымы экологиялық проблемаларды бірлесе анықтайды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам