Атырауда балық аулау 2 есеге жуық артты

None
None
НҰР-СҰЛТАН-АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында Жайық, Қиғаш өздері мен Каспий теңізінен балық аулау көлемі 2 есеге жуық артты. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өздеріңіз білесіздер, Үкіметтің қолдауымен балық шаруашылығына баса көңіл аударып келе жатырмыз. Мемлекет басшысының тапсырмасымен Жайық және Қиғаш өзендерінің түбін тереңдету шараларына қомақты қаражат бөлінген болатын. Атап айтқанда, Жайық өзенінің 62 шақырым, Қиғаш өзенінің 154 шақырым түбін тереңдету, балық жүретін арналарды тазарту қолға алынған», - деді облыс әкімі.

Оның айтуынша, аталған жұмыстардың нәтижесінде балық аулауда өсім бар.

«Былтыр осы кезеңде, 9 айдың қорытындысында берілген лимит 10 700 тонна болса, биылғы лимит 15 400 тонна болды. Бұған қоса, былтыр 9 айдың ішінде 4 мың тонна балық ауланса, биыл 6,5 мың тонна балық ауланды. Яғни, Жайықта да, Қиғашта да, Каспийде де балық аулауда 1,5-2 есеге жуық өсім байқалады», - деді Нұрлан Ноғаев.

Соңғы жаңалықтар