Атырауда балалар тым көп жеп қойған энергетикалық қоспасы бар ұнтақ тексеріледі

None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда оқушылар энергетикалық қоспасы бар ұнтақ сатып алып, мөлшерден тыс пайдаланған. Ата-аналардың сұрауымен ұнтақ сараптамаға жіберіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Атырау қаласына қарасты селолық округтің бірінде мектеп оқушыларына энергетикалық қоспасы бар ұнтақ сатылғаны анықталған.

«Атырау қалалық полиция басқармасы 4 қазанда сабақтан оралған 4-сынып оқушысының телефонындағы WhatsАpp желісіне келген хабарламаға байланысты тексеру жүргізді. Заңды өкілдерінің қатысуымен 4-сынып оқушыларынан жауап алынып жатыр. Мектеп маңындағы бейнекамералар тексеріліп, күдік тудырған сол білім ордасының 9-сынып оқушылары анықталды. Оқушылар мектеп жанындағы дүкеннен құрамында энергетикалық қоспасы бар ұнтақты сатып алып, артық мөлшерде пайдаланғаны анықталды. Ата-аналардың сұрауы бойынша энергетикалық ұнтақты сараптамаға жіберу мәселесі қаралып жатыр», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, мектептің жоғары сыныбында оқитын оқушылар кішкентай балалардан ақша сұрап, әлімжеттік көрсетеді деген ақпарат тексеріліп жатыр.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында балабақша мүлкін талқандаған жасөспірімдер камера арқылы анықталғанын хабарлаған болатынбыз.

Жылыой ауданының орталығы – Құлсары қаласында мектеп жасындағы жасөспірімдер «Қызғалдақ» балабақшасына жасырынып кірген. Олар балабақшадағы ойыншықтар мен гүлдерді шашып, астан-кестеңін шығарған.

Осы дерекке қатысы бар 9 жасөспірім ұсталды. Олар – 6-7-сыныпта оқитын оқушылар.


Соңғы жаңалықтар