Атырауда балалар лагерінен 8 жасар қыз жоғалып кетті

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында «Бисекті» балалар демалыс лагерінен 14 маусым күні жоғалып кеткен 8 жасар қыз іздестірілуде, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Қазіргі таңда бүлдіршіннің таңертең үйінен «Бисекті» мектеп-интернаты жанындағы балалар лагеріне кеткені белгілі болды. 17.15-те ол лагерден кетіп қалған, бірақ үйіне оралмаған. Бұл туралы полицейлерге кеше кешке, сағат 22.20-да хабарлаған. Қазіргі таңда жоғалған баланы іздестіру жұмыстары ұйымдастырылуда», - деп хабарлады ІІД баспасөз қызметі.

Полицейлер қандай да бір  ақпаратты білетіндерден 102 нөміріне хабарласуды сұрайды. 

Соңғы жаңалықтар