Атырауда балалар арасындағы сурет байқауының жеңімпаздары анықталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда балалар арасындағы сурет байқауының жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облыстық экология департаменті Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай «Таза болса табиғат, аман болар адамзат» тақырыбында балалар үйінің тәрбиеленушілері арасында сурет байқауын ұйымдастырды.

Байқауға 42 оқушы қатысып, өз суреттерін ұсынды.

«Сурет байқауын ұйымдастырудағы мақсат – балалардың қоршаған ортаны қорғауға жанашырлығын ояту. Осы байқау арқылы жас буынның табиғаттың тазалығын сақтауға қызығушылығы барын байқадық»,-дейді департамент басшысы Әлібек Бекмұхаметов.

Байқау қорытындысында жас ерекшелігіне байланысты І орынды Ерлан Расул, Жексенбай Әйгерім иеленді.

Ал, ІІ орынға Қазбек Убайдулла, Бекбаулиева Луиза ие болды. Сондай-ақ, Есен Әлбина мен Сәрсенғалиева Жаннаның суреттері ІІІ орынға лайық деп танылды.

Жеңімпаздарға ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевтің грамотасы мен сыйлықтар табысталды.

Конкурста белсенділік танытқан барлық қатысушыға Алғыс хат және ынталандыру сыйлығы берілді.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атыраудың оқушылары жемқорлықты әшкерелеген суреттер салған еді.


Соңғы жаңалықтар