Атырауда балалар арасында жедел респираторлы вирустық инфекция өршіп тұр

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда балалар арасында жедел респираторлы вирустық инфекция өршіп тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау қаласындағы №2 облыстық аурухана директорының орынбасары Надя Ерғалиеваның айтуынша, вирусологиялық сараптама жасауға алынған анализдердің қорытындысымен тұмаудың «А» типі анықталған.

«Соңғы бес күнде №2 облыстық аурухананың қабылдау бөліміне 550 науқас қаралды. Оның 97 пайызы – балалар. Демек, балалар арасында жедел респираторлы вирустық инфекцияның өршіп тұрғанын білдіреді. Қазір ауруханада 130 науқас ем қабылдап жатыр. Науқастардың арасында 1 жасқа дейінгі бала 69, 3 жасқа дейінгі бала 39, сондай-ақ, 11 жүкті әйел бар.

Оның аутына қарағанда, 1 жасқа дейінгі балалар, жүкті әйелдер және созылмалы сырқаты бар тұрғындар міндетті түрде тұмауға қарсы екпені алуы қажет.

Өйткені, осындай топтағы адамдарда ауру өте ауыр өтеді.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда Израильден келген дәрігерлер бір күнде сегіз ота жасаған еді.

Соңғы жаңалықтар