+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Атырауда балаға зорлық жасамақ болған күдіктіні ұстауға көмектескендер марапатталды

2020 жылғы 9 тамыз 12:30
Бөлісіңіз:
Атырауда балаға зорлық жасамақ болған күдіктіні ұстауға көмектескендер марапатталды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырауда жас балаға сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасамақ болған күдіктіні ұстауға көмектескен қала тұрғындары марапатталды. Олардың арасында 16 жасар жасөспірім бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада жүргізуші куәлігін 80-120 мың теңге аралығында сатқандар ұсталды Коллекторлық агенттіктердің борышты заңсыз қайтару схемасы әшкереленді - прокуратура Алматы облысында жас жігіт 65 жастағы әйелді ұрып, тонап кеткен

Еске сала кетсек, 6 тамызда кешкі сағат 19:30-да Көктем ықшамауданында мас адам кішкентай балаға сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекетін жасауға әрекеттенген. Күдіктінің бұл арам пиғылын Атырау қаласының тұрғындары Шамиль Кулиев, Артур Новиков және 16 жасар Әлішер Төлегенов сезіп қалған.


Облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев қырағы азаматтарды арнайы шақырып, алғыс хапен, арнайы сыйлықпен марапаттады. Әсіресе, Әлішер Төлегеновтің қоғамдағы осындай оқыс жағдайға бейжай қарамай көмекке келгені үшін алғыс айтып, болашақта ішкі істер органдарында қызмет етуге шақырды.

«Күдіктіні ұстауға көрсеткен көмектеріңізді ерлік деп білеміз. Егемен еліміздің өскелең ұрпағы сіздердей жанашыр болса, ел ертеңі кемел боларына сенім мол», - деді департамент бастығы Қамза Үмбетқалиев.


Бұған дейін Атырауда балаға зорлық жасамақ болған күдіктінің ұсталғанын хабарлаған болатынбыз.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT