Атырауда Бақытгүл Хаменованың соты кейінге қалдырылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованың соты кейінге шегерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, Атырау облысы әкімінің экс-орынбасары Бақытгүл Хаменованың ісі бойынша 3 қазанға белгіленген сот отырысы 13 қазанға қалды.

Тараптар пікірталасын жалғастыру жоспарланған сот отырысы №2 қалалық сотта өтуі тиіс болатын. Сот отырысы сотқа төрағалық етуші судья Жұмағали Тәшімовтің науқастанып қалуына байланысты кейінге шегерілді.

Еске салсақ, биылғы 26 мамырда Атырау қаласының №2 сотына ҚР Қылмыстық кодексі 366-бабының 3-бөлігі 2-тармағымен Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменоваға, Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиевке, ҚР Қылмыстық кодесі 367-бабының 2-бөлігімен «Б» ЖШС директорына қатысты қылмыстық іс түсті.

14 маусымға белгіленген сот процесі бірнеше рет кейінге қалдырылып, 11 тамызда басталды .

Бақытгүл Хаменова сотта өзіне тағылған айыпты мойындаған жоқ.

Бұған дейін, яғни 3 тамызда айыпталушы облыс әкімінің орынбасары лауазымынан босатылған .

Сот отырысы 6 қыркүйекте қайта жалғасты .

Бақытгүл Хаменова сот отырысында жіберген қателігі туралы айтты.

Сондай-ақ, Антикор Хаменоваға қатысты мәлімдеме жасады .


Соңғы жаңалықтар