Атырауда азық-түлік сататын базарлар уақытша жабылады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырауда азық-түлік сататын базарлар уақытша жабылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін Атырауда карантин мерзімінің 1 мамырға дейін ұзартылуына байланысты шектеу шаралары күшейтілді.

«Бөлшектеп сатумен айналысатын дүкендерді азық-түлік тауарларымен көтерме күйде қамтамасыз ететін сауда объектілерін қоспағанда жәрмеңке, азық-түлік сататын базарлардың және адамдар жаппай шоғырланатын тағы басқа объектілердің жұмысын тоқтатылсын», -делінген Атырау облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Темірбек Мұсағалиевтың қаулысында.

Ал мал базарлары мен мал сою цехтарының жұмысына «клиентке дейін жеткізу» принципі бойынша сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін рұқсат берілген.


Соңғы жаңалықтар