Атырауда азық-түлік қоймасынан өрт шықты

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда азық-түлік қоймасынан өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарғанда, өрт кеше, 13 қарашада болған.

«Өрт туралы департаменттің диспетчерлік пультіне сағат 15:00-де хабар түсті. Атырау қаласындағы Мясокомбинатская көшесінде орналасқан азық-түлік сақтайтын шаршы метрлік қоймадан өрт шыққан. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенде жеке тұрған бір қабатты қойманың 400 шаршы метр шатыры жанып жатқаны анықталды. Жалын сағат 16:45-те оқшауланып, сағат 16:45-те сөндірілді» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қоймадағы өртті сөндіруге департаменттің 30 қызметкері мен 8 техникасы, «Өрт сөндіруші» АҚ-ның 3 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда жеке тұрғын үйде жылу қазандығы жарылғанын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар