Атырауда азық-түлік дүкені жанып кетті

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау маңында азық-түлік дүкені өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өрт бүгін қала маңындағы «Бірлік» ауылында орналасқан «Айлин» дүкенінде болды. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенде дүкен жанып кеткен және жалын көлемі 60 шаршы метр болатын дүкен жанындағы үйді шарпыған. Өрт сөндірілді, алайда азық-түлік дүкені толығымен жанып кетті, дүкен жанындағы үйге зақым келген. Өрт арасынан оттегі балоны шығарылып, жарылыс болған жоқ. Өрттің шығу себебі анықталу үстінде. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Өртті сөндіруге 4 техника мен жеке құрамның 22 сарбазы жұмылдырылды»,-делінген өңірдің ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.



Авторы: Виктор Сутягин


Соңғы жаңалықтар