Атырауда «Азаматтық бақылау» орталығы ашылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда «Азаматтық бақылау» тегін кеңес беру орталығы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл үшінші мәрте республика аумағында жүзеге асырылып отырған әлеуметтік жоба ең бірінші болып Атырау аймағында өз жұмысын бастады. Осыған орай Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Тоқтамыс Жұмағұлов «Азаматтық бақылау» қоғамдық қабылдауына кеңес және бағыт-бағдар сұрай келген жеке тұлғалы азаматтарды қабылдады.

Жобаның мақсаты  Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңының және мемлекеттік қызмет саласында, мемлекеттік қызмет көрсету және мемлекеттік қызметкерлердің Әдеп кодексі талаптарының сақталуына байланысты сұрақтарға консультациялық көмек көрсету, жалпы сыбайлас жемқорлық әрекетіне ұшыраған барлық азаматтарға тегін заңды кеңес, бағыт-бағдар беру. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әрекеттерін насихаттау.

Аталмыш департаменттің баспасөз хатшысы Айсұлу Мирамғалиқызының  айтуынша, «Азаматтық бақылау» қоғамдық қабылдауы күнделікті сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істейді. Әр азамат заңға байланысты барлық сұрақтарға тегін кеңес ала алады. Сонымен қатар, сұрақтар, арыз-шағымдар телефон желісі немесе электрондық пошта арқылы қабылданады. Жоба аясында айына бір рет әр мемлекеттік қызмет орындарының бірінші басшылары қабылдау өткізеді.

Айта кету керек, «Азаматтық бақылау» тегін кеңес беру қоғамдық қабылдау жобасы Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Төртінші билік» қоғамдық бірлестігімен жүзеге асырылуда.

Соңғы жаңалықтар