Атырауда әйел екі баласымен бірге уланып қалды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда 42 жастағы әйел екі баласымен бірге көмірқышқыл газына уланып, облыстық ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, оқиға 19 сәуірде болған.

«Атырау қаласындағы «Мұнайшы» шағын ауданының тұрғыны, 1979 жылы туған әйел 14 және 12 жастағы балаларымен бірге тұрғын үйдің ауласына тазалық жүргізген. Олар жиналған қоқыстарды өртеген. Сол кезде көмірқышқыл газына уланған. Соның салдарынан үшеуі де облыстық ауруханаға түсті» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында 47 адамның сушиден улануына байланысты дәмхананың жұмысын тоқтатқанын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар