Атырауда Аяз ата мен Ақша қар киіміндегі төтеншеліктер балаларды құттықтады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда Аяз ата мен Ақша қар киіміндегі төтеншеліктер балаларды құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, арнайы қызметтің мамандары бүгін, 31 желтоқсанда Аяз ата мен Ақша қар киімін киіп, тұрғын үй алаптарын аралап шықты.

«Біздің сала қызметкерлерінің негізгі міндеті – төтенше жағдайдың алдын алу. Қиын жағдайға тап болған жандарды құтқару. Сондай-ақ, оқыс оқиғалардың алдын алу үшін ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Жаңа жыл қарсаңында қызметкерлеріміз Аяз ата мен Ақша қардың киімін киіп, тұрғын үй алаптарын аралап шықты. Олар алаңда ойнап жүрген балаларды жаңа жылмен құттықтап, тәттілер мен сыйлықтар табыс етті», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұған дейін атыраулық құтқарушылар досын ажалдан құтқарған жігітке алғыс білдіргенін жазған болатынбыз.










Соңғы жаңалықтар