+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Атырауда аялдаманың шыны қоршауын сындырған бұзақы іздестірілуде

2021 жылғы 24 қараша 23:15
Бөлісіңіз:
Атырауда аялдаманың шыны қоршауын сындырған бұзақы іздестірілуде

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласында қоғамдық көлік аялдаманың шыны қоршауын сындырып кеткен бұзақы іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбеде елік пен қоян атып алған күдіктілер қолға түсті Елордада мыс кабель ұрлаған 4 жігіт ұсталды Батыс Қазақстанда 40 млн теңгені жымқырған «Қазпошта» қызметкерлері ұсталды

Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, бұзақылық әрекеті 24 қарашаға қараған түнде болған.

«Шаһардың «Авангард-2» шағын ауданында белгісіз адам вандализм мен бұзақылық әрекетін жасады. Тәртіп бұзушы аялдама павильонының шыны қоршауын сындырған. Қазір Атырау қалалық полиция басқармасында оқиға орнынан түсірілген видео бар. Полиция қызметкерлері бұзақылық пен мүліктің бүліну дерегіне тексеру жүргізеді» -деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Әкімдік қала тұрғындары мен қонақтарынан аялдамаларды мақсатсыз пайдалану дерегі анықталған жағдайда 102 нөмірі арқылы жедел басқару орталығына хабарлауды сұрап отыр. Сондай-ақ, қоғамдық көлік аялдамаларына және қала аумағындағы барлық мүлікке ұқыпты қарауды ескертті.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда мейрмахана алдында төбелескендер іздестіріліп жатқанын жазған едік.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT