Атырауда аяқталмаған монша шығармашылық орталыққа айналады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Қазіргі таңда нысанның жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Бұл туралы аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев тұрғындар алдында есеп беру жиынында мәлімдеді. null

«Бүгінде біз әуежай бойында орналасқан аяқталмаған моншаға тағы екі қабатты қосуды жоспарлап отырмыз. Қалада шығармашылық орталық ашу керек», - деді Нұрлан Ноғаев.
Атырау облысының әкімі атап өткендей, кәсіпкерлердің бірі мекеменің құрылысына келісімін берді. Жаңа шығармашылық орталығында түрлі мамандықтар - суретшілер, сәулетшілер, ақындар, мүсіншілер, қолөнершілер және басқа да адамдар жұмыс жасайтын болады. Мұнда ересектер мен балалар өнерге үйретіледі.
Сондай-ақ, өңір басшысы аталмыш нысанның жанында орналасқан киноконцерт залының да құрылысы аяқталып, оның мәртебесі өз қалпында қалатынын айтты.

null

Соңғы жаңалықтар