Атырауда автоеріктілер 160 отбасына азық-түлік себетін жеткізіп берді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында автоеріктілер 164 отбасына азық-түлік себетін жеткізіп берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық ішкі саясат басқармасына қарасты Азаматтық орталық жанынан құрылған еріктілер штабының бір бағыты – автокөлікпен азық-түлік және дәрі-дәрмектер тасымалдау. Бұдан 10 күн бұрын құрылған автоеріктілер құрамында 150 мүше бар. Қазір олардың көпшілігі жалғызбасты қарияларға, мүмкіндігі шектеулі жандар мен көпбалалы отбасыларға азық-түлік себетін жеткізумен айналысуда.

«Осы кезге дейін автоеріктілер 164 отбасына қажетті азық-түліктерді жеткізіп берді. Енді біз азық-түлік себетін тағы 100 мұқтаж адамға жеткіземіз. Жергілікті кәсіпкер әйелдердің бірі қажетті тауарлардың жиынтығын алып бермек», - деді Азаматтық орталықтың жетекшісі Әйгерім Досқалиева.

Оның мәлім етуінше, мұқтаж жандардың тізімі 109 сенім телефонына түскен, азаматтардың өздері жазған өтініштерге, сондай-ақ, «Жүректен Жүрекке» қайырымдылық қорының базасындағы мәліметтерге байланысты түзіледі. Қажетті азық-түліктерді сатып алуға жергілікті кәсіпорындар мен кәсіпкерлер көмектесуде.

Соңғы жаңалықтар