Атырауда автобустардың қозғалысын бақылайтын GPS-жүйеcі енгізіледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырауда жолаушылар көлігін диспетчерлеу жүйесін құру бойынша жұмыс жүргізілуде, деп хабарлады қала әкімінің сайты.

Атырау қаласының әкімі Нұрлыбек Ожаев тасымалдаушылармен өткен кеңесте жолаушылар көлігін диспетчерлеу бойынша жобаны мақұлдады.

Оның айтуынша, күзде қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімінің мамандары қоғамдық көлік қозғалысындағы GPS-мониторингінің астаналық тәжірибесін зерттеді.

Тәжірибе ретінде аталған жүйені №4 қалалық бағдарда сынау шешілді. Екі апта бойы шамамен 12 автобус қалада чиптермен жүріп, оларға бақылау жүргізілді. Автобустардың ұзақ тұрып қалуы, көліктің аялдамаға жетуінің тұрақсыз арақашықтығы, салондардың адамға шамадан тыс толуы, жүргізушілердің жарысуы, т.б. тіркелді.

Қала әкімі аталған жобаны Атырау үшін қолайлы деп есептеді. Ол тиісті қызметтерге GPS-мониторинг жүйелеріне патент алу мәселесін пысықтауға нұсқау берді.

«Бұл өте қолайлы, барлық бұзушылықтарды экраннан көруге болады. Автобустарда осындай жүйені орнатқан соң, қызмет көрсету деңгейі өсетініне сенімдімін. Осындай жүйе қалада күн сайын жолбағыттарға шығатын екі жүзден астам автобусты қамтитын болады», - деді Н.Ожаев.

Сондай-ақ әкім болашақта осындай тәсілмен такси қозғалысын да бақылауға болатынын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар