+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Атырауда автобус жүргізушілері жетіспейді

2021 жылғы 12 маусым 00:55
Бөлісіңіз:
Атырауда автобус жүргізушілері жетіспейді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласында автобус жүргізушілері жетіспейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда автобус пен жеңіл көлік соқтығысты Елордада 26 шілдеден бастап жаңа автобус жүреді 24-25 шілде күндері Нұр-Сұлтанда автобус жүрмейді

Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаевтың айтуынша, жолаушы тасымалдаушы кәсіпорындардың автопаркінде 289 автобус бар.

«Күн сайын жолаушы тасымалдауға 210-220 автобус ғана жолға шығады. Себебі, автобус жүргізушілері жетіспейді. Бұл 60 автобустың резервте тұруына әсер етіп отыр»,-дейді Қайрат Оразбаев.

Оның мәліметінше, биылға дейін Атырау қаласында 71 ашық, 24 жабық аялдама жаңасына ауыстырылған.

Сондай-ақ, 47 аялдама сенімгерлік басқаруға берілген.

«Биылғы жылдың соңына дейін Қазақстанда шығарылған 120 аялдаманы сатып алу жоспарланып отыр. Осылайша, ескі аялдамалар жаңасына ауыстырылады. Кейбір көшелерге жаңа аялдамалар орнатылады», - дейді Қайрат Оразбаев.

Еске сала кетелік, Атырауда метанмен жүретін автобустар жолға шыққан еді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT