Атырауда автобус жүк көлігімен соқтығысты: зардап шеккендер бар

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда маршруттық автобус жүк көлігімен соқтығысты: зардап шеккендер бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жол-көлік оқиғасы бүгін 11:35-те Нұрсая шағын ауданында болды. Машруттың автобус ЗИЛ жүк көлігімен соқтығысты. Зардап шеккендер бар. Жедел-тергеу тобы жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтап жатыр», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде хабарланғадай, оқиға орнында 5 жедел-жәрдем бригадасы жұмыс істеп жатыр.

Соңғы жаңалықтар