+7 (701) 759 90 19
USD 386.44 EUR 428.37
RUB 6.06 CNY 54.93
Jańalyqtar

Атырауда автобус жолақысын электронды түрде төлеуге болады

2019 жылғы 4 қараша 15:28
Бөлісіңіз:
Атырауда автобус жолақысын электронды түрде төлеуге болады

НҰР-СҰЛТАН - АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда қоғамдық көлікке жолақы төлеу 85 пайыз электрондық түрде жүргізіледі. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Әкімдік: Алматыда автобус жолақысының нақты құны - 250 теңге Нұр-Сұлтанда жол ақысы қымбаттай ма Елордалықтар жолақыны банк карталарымен төлей алады

Аймақ басшысының айтуынша, қоғамдық көліктегі жол ақысына енгізілген сараланған тариф тиімділігін көрсеткен.

«Өткен жылдың қазан айында «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында Атырауда электронды билеттеудің қанатқақты жобасы енгізілді. 11 қазанда жол ақысын төлеу жүйесін электронды нұсқаға ауыстыру үшін дифференцияланған тариф іске қосылды. Қазір қоғамдық көліктегі жол ақысын төлеу 85 пайыз электронды түрде жүргізіледі деп сеніммен айтуға болады», - деді облыс әкімі.

Нұрлан Ноғаевтың сөзіне қарағанда, электрондық билеттеу жүйесі тиімділігін көрсеткен. Болашақта қолма-қол ақшаны көлеңкелі айналымнан шығаруға, сонымен қатар, жолаушылар легінің нақты мөлшерін анықтауға, бюджетке салық түсімін көбейтуге, тасымалдаушылардың табысын арттыруға мүмкіндік береді. Ал ол өз кезегінде автопарктердің автобустар құрамын, материалдық-техникалық базасын жаңартуына, жолаушылар тасымалы саласындағы мамандардың еңбекақысын, қызмет көрсету деңгейін көтеруге жол ашады.

Аймақта қоғамдық көлік қатынасын дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы іске асып жатыр. Бағдарлама аясында Атырауда 160 жаңа автобус сатып алынды. Келер жылы тағы 170 дана автокөлік алынады. Олар қазір Семей қаласында құрастырылып жатыр. Бүгінде Атырау қаласының 160 мың тұрғыны қоғамдық көлікпен қатынайтын болса, соның 120 мыңы жолақыны карта арқылы төлейді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT