Атырауда автобус полиция көлігін соқты

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау қаласында автобус патрульдік полиция машинасымен соқтығысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жол апаты Әлиев және Молдағұлова көшелерінің қиылысында болды. Патрульдік көлік пен автобус соқтығысқан. «Шкода-Октавиа» маркалы автомобильде қызмет барысындағы екі полицей болды. «ПАЗ» маркалы автобуста тек жүргізуші болған. Зардап шеккендерге сол жерде көмек көрсетілді, олар ауруханаға барудан бас тартты», - деп хабарлады Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Назымгүл Қайсағалиева.

Соңғы жаңалықтар