Атырауда автобус аялдамалары дезинфекциялануда

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырауда автобус аялдамалары күніне 2 рет дезинфекцияланып жатыр. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазір Атырау қаласында 143 автобус аялдамасы бар. «Спецавтобаза» ЖШС-нің қызметкерлерінен құралған 2 бригада қала аумағындағы автобус аялдамаларын залалсыздандыруды бастады. Олар күн сайын аялдамалар мен оған іргелес орнатылған орындықтарға 2 рет дезинфекция жүргізеді», - деп хабарлады ведомстводан.


Соңғы жаңалықтар