Атырауда ауылды су тасқынынан қорғау үшін көлік жолы жырылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында ауылды су тасқынынан қорғау үшін көлік жолы жырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұдан бұрын Ойыл суының көтерілуіне байланысты бөгет салынғанын жазған едік.

«Бүгін сағат 09.00-ден 15.00-ге дейін Қызылқоға ауданының әкімі Нұрсұлтан Бисенбиев пен Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Асқат Ержанов Ойыл өзенінің арнасымен Ақтөбе облысының Қорғау ауылына дейін қарап шықты. Тексеру нәтижесінде өзендегі су қорының өте мол екені анықталып отыр. Өзен суы аудан орталығы – Миялыдан Жангелдин ауылына қатынайтын жолға тірелді. Ауылды су басудан қорғау үшін «Миялы-Қарабау-Индер» автожолын жыру туралы шешім қабылданды», -деді департаменттің баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар