+7 (701) 759 90 19
USD 420.76 EUR 498.6
RUB 5.6 CNY 62.27
Jańalyqtar

Атырауда ауылдастар арасында туындаған жанжал кісі өліміне себепші болды

2020 жылғы 12 тамыз 04:00
Бөлісіңіз:
Атырауда ауылдастар арасында туындаған жанжал кісі өліміне себепші болды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда атыс қаруымен адам өлтірген 36 жастағы азамат ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Өскеменде өрт сөндіру көлігі мен трамвай соқтығысты Ауыл тұрғындары газ құбырының сапасыз тартылғанына наразы - Алматы облысы Елімізде қандай қылмыс жиі жасалады

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, аса ауыр қылмыстық оқиға 9 тамызда сағат 03:10 шамасында Атырау қаласының маңындағы Дамбы ауылында болған.

«Ауылдың екі тұрғыны арасында келіспеушілік туындаған. Оның бірі атыс қаруын қолданып, соның салдарынан 2002 жылы туған азамат оқтан дене жарақатын алған. Кейін ауруханада қайтыс болған. Полиция қызметкерлері аса ауыр қылмыс жасаған күдіктіні ізін суытпай анықтап, 1994 жылғы азамат уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір аталған іс бойынша қажетті сараптамалар тағайындаған. Сотқа дейінгі тергеу ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-бабының 1-бөлігімен (Адам өлтіру) жүргізілуде.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда балаға зорлық жасамақ болған күдікті ұсталған еді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT