Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 384.05 EUR 432.79
RUB 5.96 CNY 55.46
Jańalyqtar

Атырауда ауыл шаруашылығына берілген субсидиялар бюджетке қайтарылды

2019 жылғы 13 маусым 19:24 544
Бөлісіңіз:
Атырауда ауыл шаруашылығына берілген субсидиялар бюджетке қайтарылды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда ауыл шаруашылығына берілген субсидиялар бюджетке қайтарылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Павлодарда азық-түлік бағасы төмендеді АШМ биылғы астық шығымдылығына қатысты пікір білдірді

«Өткен жылы жергілікті құс фабрикалары өздеріне тиесілі субсидияларын ала алмады, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы сол жылдың қорытындысы бойынша игерілмеген 800 млн. теңгені республикалық бюджетке қайтарды. Облыстағы құс фабрикаларының субсидия алуға байланысты проблемасы Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес отырысында қаралды», - деді Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасының баспасөз хатшысы Әсел Тұяқпаева.

Атырау облыстық Кәсіпкерлер палатасының директоры Абдолла Идресовтың хабарлауынша, бүгінгі таңда өтінім берген 100-ден астам ауыл шаруашылығы қызметкерлері субсидия алу мәселесі бойынша жауап күтіп отыр.

«Бүгін біз басқа уәкілетті органдардың қатысуымен тексеруді бастадық. Егер расталатын болса, барлық кемшіліктер үшін қатаң заңды бағалау жүргіземіз. Тексеріс қорытындысын күту керек, одан кейін кәсіпкер қаласа, сотқа жүгінуіне болады. Өз кезегінде біз де кәсіпкерге заң аясында қолдау көрсетуге әзірміз», - деді кеңес отырысына қатысқан Мемлкеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің басшысы Тоқтамыс Жұмағұлов. 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
MURAǴAT