Атырауда ауруханадағы жүкті әйелдің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды
2022 жылғы 11 тамыз 17:08

Атырауда ауруханадағы жүкті әйелдің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау ауруханасындағы жүкті әйелдің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 317-бабымен басталған.

«Ауруханада 1990 жылғы жүкті әйелдің қайтыс болу дерегіне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 317-бабымен (Медицина немесе фармацевтика жұмыскерiнiң кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы) сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды», - деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.

Өзге ақпарат ҚР қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.

Бұдан бұрын Атырау ауруханасында түсік тастаған әйел қайтыс болғанын жазған едік.

Жергілікті қоғам белсендісі Нұрлан Жунасовтың әлеуметтік желіде қалдырған жазбасына қарағанда, 32 жастағы жүкті әйелді ауруханадан шығарып жіберген. Үйіне оралған әйелдің жағдайы нашарлап, ауруханаға қайта жеткізілген. Жүкті әйел ауруханада түсік тастап, кейін көз жұмған. Бірақ, 17 апталық шақалақтың денесі мәйітханада 10 күн сақталған. Бұл туралы әйелдің күйеуіне де, туыстарына да ешкім хабар бермеген.

Қайтыс болған әйел күйеуге үш жыл бұрын шыққан. Оның отбасында кәмелетке толмаған екі бала қалды.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT