Атырауда аула командалары арасында стритболдан сайыстар өтеді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат Атырауда 23-28 маусым аралығында стритболдан 2002-2007 жылы туылған аула жасөспірімдері арасында қалалық турнир өтеді. Астананың 20 жылдығына арналған «Atyrau Open» қалалық турнирі 1 аптаға созылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

«Балалардың бос уақытын, жазғы демалыстарын  тиімді өткізіп, осы спорт түрін дамытуға серпін беру мақсатында жарыстар мақсатты түрде ұйымдастырылады. Қалалық турнирге 11-16 жас аралығындағы жасөспірімдер қатыса алады», - деді қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ринат Ибрагимов.

Бірінші кезең 23 маусым күні Атырау мұнай және газ университетінің ауласында, екінші кезең 25 маусымда 17 орта мектепте, үшінші кезең 26 маусым күні 16 орта мектептерінде ұйымдастырылады. Жарыстың соңғы кезеңі 28 маусым күні Мұнайшы спорт кешенінде өтеді. 

Облыстық спорт басқармасының баспасөз орталығының хабарлауынша, төрт кезеңнен іріктеліп шыққан қатысушылар 1 шілде күні «Байзар» сауда орталығының алдында сынға түседі.  Ал, ең үздіктері 6 шілде күні «Бейбарыс» алаңында финалдық бәсекеде жеңімпазды анықтайтын болады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер қаржылай сыйлыққа ие болады. Ауқымды жобаны Атырау қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі мен бұқаралық спортты дамыту орталығы ұйымдастырып отыр.

 Айта кету керек, бұдан бұрын қаламызда «Street WorkOut» сайыстары өткізіліп, жастар арасында үлкен қызығушылыққа ие болған болатын.

Жарысқа қатысу бойынша өтініштер  87017485766, 87010520077 байланыс нөмірлері арқылы қабылданады.

Соңғы жаңалықтар