Атырауда аудандық ауруханаға компьютерлік томография берілді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысындағы Құрманғазы аудандық ауруханасына компьютерлік томография берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Каспий құбыр консорциумының бас директоры Николай Горбанның мәліметінше, компьютерлік томографияны сатып алу үшін 360 млн теңге жұмсалған.

«Жапондық «Hitachi» компаниясы шығарған медициналық аппарат (SUPRIA моделі) адам денесін толық диагностикалауды қамтамасыз ететін 128 бөлімді сканерден өткізеді. Радиациялық жүктемені азайту үшін «IntelliEC» дозасын интеллектуалды қайта бөлу алгоритмі мен «IntelliIP» итерациясының заманауи әдісі қолданылады. Бұл визуализация сапасын жоғалтпай, дозалардың өте төмен мәндерімен зерттеу жүргізуге мүмкіндік береді», - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев.

Оның айтуынша, бұл аппараттың коронавирус инфекциясына шалдыққан пациенттер үшін қажетті. Қазір Атырау облысында 12 компьютерлі томография, 4 МРТ, 41рентген аппараты, 669 оттегі концентраты, 1 514 оксиметр, 267 өкпені жасанды желдету аппараты мен 8 оттегі стансасы бар.

Еске сала кетелік, Атырауға «Спутник V» вакцинасы II компонентінің 7,6 мың дозасы жеткізілді.


Соңғы жаңалықтар