Атырауда аудан әкімінің орынбасары қамауға алынды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Тергеу судьясы Атырау облысы Мақат ауданы әкімінің орынбасарын қамауға алуды санкциялады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Мақат аудандық сотына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлтық бюросының Атырау облысы бойынша департаментінің тергеушісінен Мақат ауданы әкімінің орынбасары М.Ж-ға «қамауға алу» түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы өтінішхат түсті. Сотта М.Ж-ға қатысты ҚР ҚК 366-бабы 3-бөлігі 1,2-тармақтары бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарының басталғаны анықталды. Бұл  - жауапты мемлекеттік қызметтегі адамның жеке өзі немесе делдал арқылы пара алуы», - деп жазылған Мақат аудандық сотының баспасөз хабарламасында.

Сот тергеушінің өтінішхатын қанағаттандырып, күдіктіні 2 ай мерзімге қамауда ұстауды үкім етті. «Тергеу амалдары жалғасуда», - деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар