Атырауда ауа атмосферасынан зиянды заттар шоғыры табылмады
2022 жылғы 10 тамыз 14:30

Атырауда ауа атмосферасынан зиянды заттар шоғыры табылмады

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау экологтары ауа атмосферасынан зиянды заттар шоғырын таппады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық экология департаментінің зертханалық-талдамалық бақылау бөлімінің мамандары 9 тамызда Атырау қаласы аумағында түтіннің жағымсыз иісіне байланысты бірнеше нүктеден ауадан сынама алуға шешім қабылдаған.

Пропарка (АМӨЗ), Химиктер кенті (АМӨЗ), №114 «Загородная» (Атырау-Орал тасжолы), №109 «Восток» (Махамбет көшесіндегі Құрманғазы алаңы) ауа сапасын бақылау станциялары маңында, «Тухлая балка» булану алаңы мен Дамбы ауылында атмосфералық ауадан сынама алу жұмыстары жүргізілді.

«Ауадан алынған сынаманы талдаудың нәтижесінде Пропарка (АМӨЗ) станциясында күкіртсутегі 0,00141 мг/м3, Химиктер кентіндегі (АМӨЗ) станциясында күкіртсутегі 0,00144 мг/м3, №109 «Восток» (Махамбет көшесіндегі Құрманғазы алаңы) станциясында күкіртсутегі 0.00112 мг/м3, №114 «Загородная» (Атырау-Орал тасжолы) станциясында күкіртсутегі 0.00105 мг/м3, «Тухлая балка» булану алаңында күкіртсутегі 0,00117 мг/м3, Дамбы ауылында күкіртсутегі 0,00012 мг/м3 көрсетті. Осы деректерден атмосферлық ауада зиянды заттардың рұқсат етілген шекті шоғырланудан асу фактісі анықталмады», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда шаңнан тұман қалыптастып, экологтар ауадан сынама алғанын, кейін шаңды тұманға байланысты мұнай зауыты апаттық жағдай болмағанын мәлімдеген еді.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT