Атырауда «ATYRAU INVEST-2017» инвестициялық форумы өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылдың 11-12-ші сәуірінде Атырау облысының әкімдігі «ITECA» халықаралық көрме компаниясы және «Атырау мұнай және газ институты» АҚ-ымен бірлесіп «ATYRAU INVEST-2017» ІV-ші халықаралық инвестициялық форумын өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Форумға 500 қатысушы келеді, олардың қатарында орталық және жергілікті мемлекеттік мекемелер, ұлттық компаниялар мен даму институттарының, Қазақстандағы дипломатиялық өкілдіктердің өкілдері мен шетелдік және отандық инвесторлар шақырылған. Қатысушылар Еуроодақ, Финляндия, Италия, Германия, Нидерланд, Швейцария, Дания, Түркия, Польша, Хорватия, Қытай, Украина, Әзербайжан, Израиль, Оман секілді 20 мемлекеттен келеді.

Форумның мақсаты - Атырау облысының инвестициялық мүмкіндіктерімен таныстыру, облыс экономикасына және инвестицияларды нақты инвестициялық жобаларға тарту.

«Global Oil&- Gas Atyrau 2017» Солтүстік-Каспий аймақтық көрмесі аясында 11-13 сәуір аралығында Көрмелер орталығында Атырау облысының инвестициялық жобаларының көрмесі өтеді.

Атырау облысы бірнеше жыл қатарынан еліміздегі өңірлер арасында ішкі және сыртқы инвестиция тарту саласында алдыңғы қатарда келеді.
2016 жылдың қорытындысы бойынша инвестициялар көлемі 2 трлн теңгеден асты және бұл көрсеткіш елімізге әкелінген жалпы инвестицялардың 25% пайызынан асып кетеді .

Соңғы жаңалықтар